1-сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар, 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, балалар ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап 1-сыныпқа барады. Құжаттар egov.kz электронды үкімет порталы, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде ұсынылуы мүмкін.
Қазақстан азаматтарына арналған портал арқылы мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:1) ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
2) № 065-у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама және № 052-2/у баланың денсаулық паспорты;
3) фотосурет өлшемі 3х4 см (2 дана)
📌 Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін Центральная көшесі, 36 мекенжайы бойынша қабылданады.